Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Әнші Жұбаныш Жексенұлына сот шешімі шықты

Бүгін ашық түрде өткен сот отырысында танымал әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Әнші Жұбаныш Жексенұлына сот шешімі шықты
фото: әлеуметтік желіден

Сотта белгілі болғандай, келеңсіз жағдай 21 шілдеде Астана әуежайында орын алған. Жәбірленуші Зәуре Садыкбекованың сөзінше, сол күні ол екі құрбысымен бірге Алматыға ұшу керек болған.

Үшеуміз әңгімелесіп тұрғанда жанымыздан осы кісі өтіп бара жатты. Мен сонда құрбыларыма қарап “Мынау әнші емес пе?” дедім. Сонда ол “Әнші емеспін, бишімін” деп былапыт сөздер айта жөнелді. Мен сонда телефоныма түсіруге рұқсат та сұрадым, бұл кісі келісті, – деді жәбірленуші. 

Оның айтуынша, әншіден алкогольдік ішімдіктің иісі шығып тұрған.

Әйел телефон алып түсіре бастағанда ер адам дөрекі сөздер айтуын доғарған. Алайда түсірілімді тоқтатқанда қайтадан былапыт сөздер айта бастаған.

Сонда ол қайта түсірілім жасамақшы болғанда әнші оның қолынан ұрып, телефонын қағып жіберген. Осылай жалпы екі рет қайталанған. Әйелдің телефонына зақым келген. Куәгерлердің сөзінше, танымал әнші жәбірленушінің құрбысының телефонына да ұмтылып, тартып алмақшы болған. Алайда ол ойы іске аспаған. Бұл әрекеттердің барлығы бейнетаспаға түсті, - дейді олар. 

Соттаа Жұбаныш Жексенұлы өз кінәсін толықтай мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады.

Ол өзінің сол күні кішкене ішімдік ішкенін айтты. Сот істі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қарап, әншіге 78640 теңге айыппұл салды.