Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Менің өгей қыздарым»: Баян Мақсатқызы ерекше таныстыру жасады

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы түсірілім алаңынан видео жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Менің өгей қыздарым»: Баян Мақсатқызы ерекше таныстыру жасады
фото: әлеуметтік желіден

Актриса ретінде киноға шақырту алған Алагөзова күні-түні түсірілім алаңында жүргенін айтты.

"Армысыздар, менің оқырмандарым. Мен әлі түсірілім алаңындамын. Түсте жүргеннен әлі осындамын. Актер болғыңыз келсе, күні-түні жұмыс істеуге дайын болыңыздар. Қазір барлығына жыным келіп, нервм қайнап отыр. Өйткені актер болу өте қиын мамандық. Күні бойы басымдағы парик қысып, басымды қышытып тұр. Гримерім мың рет келіп мені жөндейді. Менің ұйқым келіп, сүтпен шай ішкім келіп тұр", - деді ол.

Сондай-ақ, "Қызым" атты фильмнің сценарийін де қысқаша айтып, кинодағы өгей қыздарын көрсетті.

"Таныс болыңыздар, менің өгей қыздарым. Жанар, Моля және Әлия. Менің жігітім, бұлардың әкесі маған ғашық болады. Мен ауруханада дәрігер болып жұмыс істеймін. Сондықтан ол аптасына 15 рет аурады. Бірақ қыздары мені жақтырмай, әкелеріне басқа әйел іздейді. Бірақ соңында махаббат жеңеді", - деп продюсер қазақ тілінде видео түсірді.