Димаш Құдайберген тағы да жанкүйерлерін таңғалдырды. Бұл жолы ол вокалымен емес, күтпеген жаңа образымен көрінді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әнші Instagram парақшасында жаңа түсірілімдерден кадрлар жариялады.
Бұл жолы ол әдеттегі романтикалық образында емес, батыр кейпінде көрінді. Үстіне темір сауыт киіп, қолына қылыш алған. Димаш тек жаңа стилін ғана емес, суық қарумен шебер қимылдай алатынын да көрсетті.
"Түсірілім алаңынан сәлем", - деп жазды әнші парақшасында.
Желі қолданушылары да пікірлерін жазып, батыр Димашқа пікірлерін жазуда.
"Ант етем, бірден тани алмадым!", "Патшалығыңа қалай жазылсам болады?", "Біздің батырымыз!" - деп жазуда қолданушылар.