Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Соншалықты санасы төмен»: Айдар Тұрғамбек елден сөз естіді

Белгілі әнші, "Жігіттер" тобының солисі Айдар Тұрғамбек желіде үндеу жасап, отбасындағы "құпияны" көпке шашпауды сұрады. Оның жазбасы оқырмандарының талқысына түсті, деп жазады Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Соншалықты санасы төмен»: Айдар Тұрғамбек елден сөз естіді
фото: әлеуметтік желіден

"Жігіттер, өтініш. Әйелдеріңе гүл беріп жатқан сәтті интернетке салмаңдаршы. Қыз-келіншектер, сіздер де гүл алып жатқан бақытты кездеріңді жарияға жар салмаңдаршы. Қанша отбасы соны көріп, күйеуіне ренжіп: "Жұрттың күйеуін қарашы, әйеліне гүл беріп, шетелде қыдыртып жүр. Бізде гүл де жоқ, шетел де жоқ" деп көп отбасында ұрыс-керіс, арты ажырасу болып жатыр. Отбасы деген құпия болу керек қой", - деп жазды ол.

Оның бұл жазбасына жұрт түрлі пікір қалдырып жатыр. Көптеген оқырман әншінің бұл пікіріне қарсы шыққан.

"Ажырасып жатқандардың 70 пайызы куйеуі ішіп, ұрып, басқа әйелге кеткендер. Лудомание тағы бар. Өз әйелін қадірлемей, басқа жаққа қанғып, бала-шағасын қадірлемей, асырамай алимент төлемей жүргендер. Еркектерге кеңес беріндер: "әйеліне адал бол, ол - сенің аманатың. Аманат қылып алдың ба, асыра, бақ, ұл-қызыңа қамқор бол. Еркек бол" деп неге осыны айтпайсындар. Әйелдерге кеңес бермей", "Көрсеткен дұрыс деп ойлаймын. Үлгі алып, сондай жақсы өмірге ұмтылады", "Егер бір сурет ажырасуға себеп болса, онда мәселе гүлде емес, отбасының ішкі жағдайында. Адам өз жұбайымен ашық сөйлесе алмаса, ол – әлеуметтік желінің емес, сенімнің жетіспеуі. Бақытты көрсетпе демейік, көре алмайтынды түзейік", "Соншалықты санасы төмен елде тұрып жатырмыз ба? Гүл алғаныңды көрсетпе, әйтпесе гүл алмаған әйел ажырасады дейді... Бұл не деген деградация?", - деп жазды оқырмандардың дені.