Прямая трансляция

Астана

Астана

20.69°C

«Басына ота жасалған»: Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығына қатысты пікір айтылды

Желіде Мөлдір Мұқанованың көзіне жас алған видеосы тарағаннан кейін, көпшілік оның Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқаны туралы түрлі болжамдар жасай бастады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Басына ота жасалған»: Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығына қатысты пікір айтылды
фото: видеодан скриншот

Алайда кейбір желі қолданушылары әзілкештің денсаулығына алаңдаулы. Олардың бірі Тұрсынбектің концертіне барып, оның сөзінен кейін алаңдағанын айтады.

"Тұрсынбектің биылғы концертіне бардым. Сол жерде өзі жақында ғана ауруханадан шыққанын айтты. «Алдарыңызда жарты баспен тұрмын», деді. Басына ота жасалған екен. Шашын өсіріп, жапқанымен, белгісі білініп тұр. 100 жасасын, Мөлдір аман жүрсін", – деп жазды көрермендердің бірі пікірінде.

Қазіргі таңда Қабатовтың денсаулығына байланысты ресми ақпарат тараған жоқ.