Танымал актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол оқырмандарына аяғы ауыр екенін айтып, видео жүктеді.
"Біз сені күтеміз, сәбиім. +1 Қағаров", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары Айжұлдыздың күтпеген жаңалығына таңырқап, ақ тілектерін білдіруде. Сонымен қатар, төрт айға дейін қатты қиналып, ас-су іші алмағанын айтып, ішін жасыру қиындап кеткенін де жасырмады.