Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова алғаш рет отбасындағы қиындықтармен бөлісті. Өнер иесі ел алдында көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Мөлдір Мұқанованың еңіреп жылап отырған видеосы желіде тарап кетті. Онда әлдекімнің оны жұбатып, өмірде бәрі болатынын анық естуге болады.
«Мынадай сөз бар ғой жаным-ау, «всем на зло» деген. Әлі жарқырайсың көр де тұр. Өмірде бәрі күшті болады. Жаным, жылама, жыламашы, мені де жылатасың қазір. Ауыр болып тұр, білемін. Бірақ Алла тағала бәрін реттейді. Жылама», — деп айтады кадр сыртындағы адам.
"Қанша жыл бірге тұрып, ыстық-суығын бірге өткізіп, жеттім дегенде басқа әйел алып кету...", "Киносы үшін жасалған пиар", "Мөлдір, сен сұлусың ол көз жасыңа түрмайды", деп жазды желі қолданушылары.