Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Тоқтар Серіковтың тұңғышы «Алтын белгі» иегері атанды

Танымал әнші Тоқтар Серіковтың тұңғыш ұлы Беколжас мектепті үздік аяқтап, «Алтын белгі» иегері атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқтар Серіковтың тұңғышы «Алтын белгі» иегері атанды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл қуанышты жаңалықты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Ол ұлына «Алтын белгі» табысталған сәттің видеосын жариялап, былай деп жазды:

– Аллаға шүкір! Тұңғышымыз «Алтын белгі» атанды! Желі қолданушылары Серіковтің отбасына жылы лебіздерін жаудырып, көпшілік бұл жетістікті әкенің еңбегімен байланыстырды.

– Керемет, құтты болсын, – Өз балам алғандай қуанып отырмын, – Әкесі қандай керемет адам, әкесінің тәрбиесі ғой, – Жақсы әкенің сөзі балаға 40 жыл азық, – деп жазды олар.