Сәкен Майғазиев келіннің қалың малына тұтас 5 миллион берді. Бұл туралы журналист Ербол Мәндібек жазды, деп хабарлайды paryz.kz.
Журналистің жазуынша әнші бұдан басқа да қазақтың жоралғысын түгел жасаған.
"Мысалы бас табаққа қара 20 мыңдықтар, құйрық бауырға қызыл 5 мыңдықтар атты. Келіннің жеңгелеріне көк долларлардан көрімдік. Апарған каждый құданың қалтасын ақшамен нығыздап, сақадай сай еткені ұнады. Кедейлік деген жаман нәрсе ғой. Кеше бір бизнес тренермен сөйлестім.
-Ереке, күніне 100 мыңнан жинап отыр. Вообще жұмсама. Күн сайын ровно 100 мыңнан жинап үйрен деді. Былай қарап тұрсаң әдемі ақыл. Бірақ күн сайын 100 мыңды қайдан алам? Бұл сұрақтың нақты жауабын айтпады.
-Өзің ретіне қарай нетерсің. Но, күн сайын 100 мыңнан жинасаң түптің түбінде тойыңа МузАрт келіп ән айтады, оған гарантия берем деді. Жоқ, жоқ деп жұтай бермей күніне 100 мыңнан жинаңыздар. Сонда Сәкен жездем сияқты құданың алдында жарқырап жүресіздер. Құдай құдалыққа кредитпен барудан сақтасын....", - деп жазды Ербол Мәндібек.