«Халық әртісі» атағын иелеген әнші Әлішер Кәрімов әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
«Бүгін – мен үшін тарихи күн. Маған “Қазақстанның Халық әртісі” атағы берілді. Осы жоғары марапатты Президентіміздің қолынан алу – үлкен мәртебе. Бұл марапат мені қолдаған тыңдармандарым мен барша жанкүйерлерімнің арқасы деп білемін. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын!», – деп жазды ол.