Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Шоу-бизнес бүгін, 15.11.2025 21:53 Обновлять, 20.11.2025 15:22

«Аңсайды екенсің»: Динара Сәтжан миллиардер күйеуімен демалыста жүр

Белгілі қазақстандық медиамаман Динара Сәтжан күйеуі Жұмабек Жанықұловпен демалысқа аттанды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Аңсайды екенсің»: Динара Сәтжан миллиардер күйеуімен демалыста жүр
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«40 жастан кейін бәрібір мағыналы демалысты аңсайды екенсің. Күн, теңіз, массаж, ағзаға қажетті дәрумендер және детокс. Ағзаны қалпына келтіру бір басқа, жүйке жүйесін демалдыру бір бөлек. Біздің ресурстарымыз шексіз емес. Сондықтан өзіңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол бұл демалысқа күйеуі Жұмабек Жанықұловпен бірге кеткенін де жасырмай айтты. Динара Сәтжанның оқырмандары тілектерін жаудырып, сәтті демалыс тіледі.