Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында шетелге саяхаты қалай өтіп жатқанын айтты, – деп жазды paryz.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі саяхат барысында қиын жағдайға тап болған.
«Алматы-Стамбұл-Венеция-Котор-Миконос-Санторини-Анкона-Венеция-Милан-Венеция-Милан-Үргеніш-Ташкент-Алматы сапары түрлі қызықтарға толы болды. Төрт апа, бір ата, бір бала, бір бойжеткенмен бірге он сағат жол жүріп жеткен Венециядағы алғашқы әсер, судағы қаланы аралау, гандоласына міну ерекше болды. Грецияның қалаларын аралағанда да ел көрген бәрібір көкжиегіңді кеңітетінін сезінесің. Өзге елдің тұрмыс-тіршілігі, еркіндігі өз өзіңнен зерттеу мен зерделеуге мүмкіндік береді. Алланың қалауымен бәрі де болды. Миконоста ақшамызды ұрлаттық. Венециядан ұшқалы тұрғанда бір бірімізге сеніп паспортымыздың Миланда қалып қойғанын түсіндік. Алған билетіміз күйіп кетті, жолаушылар кетті, біз қайта Миланға пойызбен бара жаттық. Енді үйге аман-есен жетуге нәсіп етсін», – деп жазды өнер иесі.