"Келінжан" сериалы арқылы танылған актриса Нұргүл Мыңғатова жақында тұрмысқа шығайын деп жатқанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы актриса тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
"Жеке өмірім туралы көп айта бергім келмейді. Бұрыннан сондаймын негізі. Жеке өмір деген - жеке өмір. Қазір жеке өмірімде өзгерістер болайын деп жатыр. Көрмей тұрсыздар ма, бүгін ақ көйлек киіп келдім", - деді актриса.
Сондай-ақ, Динара Сәтжан актрисадан ұзату тойы туралы сұрады.
Оның айтуынша, ұзату, сыңсу болмай, бірден той жасағысы келеді екен.
"Мен ұзатылып жатсам ұят болар. Сыңсу айтып жылап жатпайтын шығармын. Мен кетсем, керісінше бәрі қуанатын шығар. Бірден ақ көйлек киіп, үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Биыл болмай қалса, келесі жылы, әйтеуір бір той болады ғой. Ұсыныс жасағандай болып жатыр. Мен сол ерте дайындалып жатырмын ба деп қоямын бір жағынан. Бірақ ақырындап ырымдап бастап жатырмыз", - деді Нұргүл Мыңғатова.
Актрисаның айтуынша, болашақ күйеуі оның шығармашылық адам екеніне, түрлі түсірілімдерге қатысатынына түсіністікпен қарайтын ересек адам екен. Сонымен қатар, шоу бизнес саласына мүлде қатысы жоқ, қазақтың қарапайым ауылда өскен қара жігіті екенін айтып өтті.