Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

«Халық балаларын емдей алмай, қол жайып отыр»: Меруерт Түсіпбаева ұлына көлік сыйлаған Сәдуақасованы сынады

Әнші Меруерт Түсіпбаева ұлының туған күніне салоннан су жаңа көлік сатып әперген көрсеткен Мадина Сәдуақасованы сынап тастады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Халық балаларын емдей алмай, қол жайып отыр»: Меруерт Түсіпбаева ұлына көлік сыйлаған Сәдуақасованы сынады
фото: әлеуметтік желіден

Меруерт Түсіпбаева баласына аса қымбат көлік сыйлаған Мадина Сәдуақасоваға қатысты ойын Instagram желісінде айтқан.

Ол әріптесінің бұл әрекеті үшін ұялып отырғанын жеткізді.

"Мен 20 жастағы балама қымбат көлік сыйлағанымда, екі ай бойы ұялды жүрді. Көлікті курстастары көрмесін деп, университеттің ауласына кірмей, машинасын тығып жүріпті. Бір көше жетпей тоқтап, ары қарай жаяу барған. Маған да "Мама, машинаны желіде салмашы" дегенде мен қатты қуандым. Шүкір деп, риза болдым. Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда мынасы ұят болды Мадинаның. Асыра сілтеу әрі мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Сөзім жоқ", – деп жазды әнші.