Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

«132 млн қарызы болды»: Қыран Талапбектің әйелі қандай шартпен тұрмысқа шыққанын айтты

Танымал видеограф Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаш Kyran Films ютуб арнасына берген сұхбатында отбасылық өміріне қатысты сырымен бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«132 млн қарызы болды»: Қыран Талапбектің әйелі қандай шартпен тұрмысқа шыққанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Көпшілікке актриса ретінде танылған Гүлзада Тұрлаш күйеуінің қандай қасиетіне тәнті екенін атап өтті. Сонымен қатар тұрмысқа шығарда болашақ жары қандай шарт қойғанын да баяндады. 

Қыранмен танысқанда оның 132 млн теңге қарызы болды. Оның жабуға ақшасы да болған жоқ. Мұны айтуға бола ма, болмай ма, білмеймін. Жүріп жүрген кезде "Сен қалай ойланасың? Не істейміз? Қалай жабасың?" дедім. Қыран маған сонда "Менде қазір саған бүкіл қалағаныңды сыйлайтын ақша жоқ. Менде қарыз бар. Егер қасымда болып, бәріне шыдасаң, 1-2 жылда күшті өмір сүресің, қалаған затыңды аласың, қалаған жеріңе барасың. Шыдайсың ба?" деді. Мен келістім. Сол күнге жеттік. Қыран – тәуекелдің адамы. Ол жарты жыл бұрын жауып тастады. Қазір Қыранның тәуекел еткенінің арқасында жақсы үйде тұрамыз. Сондықтан тәуекел етуден қорықпаңыздар", - деді Гүлзада Тұрлаш.

Тыңдарман қауымның көбі ер адамның табысты болуына әйелдің ықпалы бар екенін айтып, оң пікірін білдірді. 

"Сондай ер адамдарды жақсы көремін", "Негізі ер адамға әйелдің қолдауы болса, тауды да қопарады", "Ол күйеуіне сенім артты, бұл керемет қолдау", "Тәуекел түбі – жел қайық, өтесің де кетесің", "Осындай қыздар көп болсын", - деп жазды олар. 

«Күлгендердің басына еселеп келсін»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың концертіне қатысты жағымсыз пікірлерге жауап берді «Күлгендердің басына еселеп келсін»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың концертіне қатысты жағымсыз пікірлерге жауап берді «Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды»: Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергенін айтты «Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды»: Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергенін айтты Концерт Кайрата Нуртаса в Шымкенте обернулся давкой: Freedom Афиша выступила с заявлением Концерт Кайрата Нуртаса в Шымкенте обернулся давкой: Freedom Афиша выступила с заявлением «Сырттан ешкім араласпады»: Абай Асылхан Жанель Мақажанмен ажырасуы туралы айтты «Сырттан ешкім араласпады»: Абай Асылхан Жанель Мақажанмен ажырасуы туралы айтты «Ақшаңды бер, айналайын»: Бағлан Әбдірайымов тегін ән айтуға шақыратындарға жауап берді «Ақшаңды бер, айналайын»: Бағлан Әбдірайымов тегін ән айтуға шақыратындарға жауап берді Шымкентте заңсыз онлайн-казино ұйымдастырғандар төрт жылға сотталды Шымкентте заңсыз онлайн-казино ұйымдастырғандар төрт жылға сотталды «Мені мазаламаңдаршы»: Мақпал Жүнісова Президент Іс басқармасының емханасына ренішін білдірді «Мені мазаламаңдаршы»: Мақпал Жүнісова Президент Іс басқармасының емханасына ренішін білдірді «Күйеу балаларыммен араласпаймын»: Абай Бегей көңілін қалдырғандарды кешірмейтінін айтты «Күйеу балаларыммен араласпаймын»: Абай Бегей көңілін қалдырғандарды кешірмейтінін айтты «Құрметсіздік көрсетті»: «Сағыныш сазының» авторы Талғат Жорабаевқа ренішін айтты «Құрметсіздік көрсетті»: «Сағыныш сазының» авторы Талғат Жорабаевқа ренішін айтты