Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді (видео)

Қазақстандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді. Күні кеше өнер иесінің үйлену тойы дүркіреп өтті, деп жазады paryz.kz. 

Серікбол Сайлаубектің отбасын құрғанын белгілі отандық асаба Руслан Искаков хабарлады.

Ол Instаgram-дағы парақшасында үйлену тойдан видеолар жариялап, дүбірлі тойдың қалай өткенін көрсетті.

Әншінің қуанышына тек ет-жақындары мен өнердегі достары ортақтасып келген.

Танымал тұлғалар арасында Сәкен Мағазиев, Ермек Меденов, Ахметжан Есімов, Ұланғасыр Қамиев және т.б бар.

Белгілі болғандай, Серікбол Сайлаубектің таңдауы Назкен есімді аруға түскен.

Алайда өнер иесінің келіншегі жайлы әзірге басқа ақпарат жоқ.

Әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына үйлену тойынан видео жүктеген жоқ.