Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Қайрат Нұртастың анасы 15 жыл бұрын қабылдаған шешіміне өкінетінін айтты

Белгілі қазақстандық продюсер және кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова Instagram-да оқырмандарына сырын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Қайрат Нұртастың анасы 15 жыл бұрын қабылдаған шешіміне өкінетінін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Ол 15 жыл бұрын қабылдаған шешіміне өкінетінін мойындады.

Жаңа жылдан кейін Вьетнамға ұшып кеткен Қайрат Нұртастың анасы Instagram Stories желісінде мерекеден алған әсерімен бөлісті.

Продюсер университетте ағылшын тілінен сабақ берген әпкесі Сәуле Базарханның көмегі тиіп жатқанын айтты. Оған жергілікті тұрғындармен араласуға туысы көмектесіп жатқан көрінеді.

Осы сіңілім болмағанда қайтер едім. АТУ-да ағылшын тілінен сабақ берген ғой, пайдасы тиіп жатыр. 40 жасымда Дубайға барғанымда, таксист "ағылшын тілін оқып алыңыз" дегенде "балаларым оқи берсін, мен кешіктім" дегенмін. Содан бері 15 жыл өтті. Түк кеш емес екенін білмеппін, - деп жазды продюсер.