Прямая трансляция

Астана

Астана

4.04°C

Әсел Сәдуақасова: «Жасымның үлкен екенін бетіме басады деп ойламадым»

Жақында тұрмысқа шыққан Әсел Сәдуақасова алда болатын тойға қатысты оқырман сауалдарына жауап берді. Бұл туралы Paryz.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды

Әсел Сәдуақасова: «Жасымның үлкен екенін бетіме басады деп ойламадым»
фото: әлеуметтік желіден

“Өмірімде жасымның үлкен екенін бетіме басады деп мүлдем ойламадым. Бойжеткен шағымда мен өз жасымнан әлдеқайда жас көрінетінмін. Көп адам маған: “Тым жас көрінесің, сұлусың” деп түрлі қошемет сөздер жаудыратын. Бірақ менен кіші әрі тым жас көрінетін жігітке тұрмысқа шығатынымды кім білген? Мағжан екеуіміз осы тақырыпта әңгіме қозғап, әбден күлдік. Жазбаларымның астына адамдар жас еместігімді айтып, күйеуімнен үлкен көрінетінімді бетіме басады деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Бірақ бұл да жақсы тәжірибе”, – дейді Әсел Сәдуақасова.

Отандық актриса қазір алда болатын тойына қатты дайындалып жүр. Шақырту билеттері, той өтетін ғимарат, той көйлегі, қызойнақ сынды дүниелер түгелдей Әселдің мойнында. Мұны байқаған желі қолданушылары: “Дайындыққа Мағжан ат салыспайды ма?” деген заңды сұрақ қойды.

“Мағжан тойдың жұмыстарын маған тапсырып, өзі жұмыстарымен айналысып жүр. Негізінде тойдың жұмыстарын өз қолыма алғаныма қуаныштымын. Ұйымдастыру жұмыстарын жаным сүйеді. Бекерден-бекер кинопродюсер болған жоқпын ғой. Мейлі кейде шаршасам да, той алдындағы қарбаластан рахат алып жүрмін. Өз тойымды өзге қыз-келіншектер сияқты ұзақ күттім. Ал Мағжан нағыз ер азаматтар сияқты жұмыстан қолы босамайды”, – дейді актриса.

Сондай-ақ Әсел Сәдуақасова ұзату тойдың болмайтынын мәлімдеді.

“Біз басында-ақ жақындарымыз бас қосатын үлкен бір той болады деп шештік. Қызойнаққа келетін болсақ, құрбыларым өздері ұйымдастыратынын айтып, маған көмектеспек болды. Бірақ мен бұл күні қонақтардың демалғанын қаладым. Менің құрбыларым алтын. Алдағы уақытта бір көңілді уақыт өткізетінімізге сенімдімін. Қыздарым үшін үлкен мереке жасағым келеді”, – дейді Әсел  Сәдуақасова.

«Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатты алып қойғаның дұрыс па?»: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға жазба арнады «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді «Аузы дуалы»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаевадан немерелі болуын тілеуді өтінді Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты Жанель Макажан бұрынғы күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін»: Жұлдыз Әбдікәрімова тосын жазба жариялады «Бұл бір ерке келін болды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып берді «Бұл бір ерке келін болды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып берді «Маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп...»: Қайрат Нұртастың анасы блогерлердің құпиясын әшкере етті «Маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп...»: Қайрат Нұртастың анасы блогерлердің құпиясын әшкере етті «Ашамен ажырасып кеткен бе?»: Арман Қоңырдың суреті қызу талқыға түсті «Ашамен ажырасып кеткен бе?»: Арман Қоңырдың суреті қызу талқыға түсті «Жалғыз, сүйікті әйеліңді жақсы көр»: Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсын Алагөзовке  ерекше тілек айтты «Жалғыз, сүйікті әйеліңді жақсы көр»: Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсын Алагөзовке ерекше тілек айтты «Сот құтты болсын»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі Фаризаға құрбылары сыйлық жасады «Сот құтты болсын»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі Фаризаға құрбылары сыйлық жасады