Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Происшествия бүгін, 17.07.2024 10:55 Обновлять, 18.07.2024 13:37

Алматы облысында науқас әйелдің күйеуі жедел жәрдем қызметкерін ұрып тастады

"Содан амалсыздан полицейлерді шақырдық. Олар тез арада жетті, бірақ науқастың күйеуі оларға да қол көтерді..." - дейді фельдшер.

Алматы облысында науқас әйелдің күйеуі жедел жәрдем қызметкерін ұрып тастады
Дереккөз: newtimes.kz

Алматы облысының Райымбек ауылында жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан тағы бір жағдай болды. Науқас әйелдің қоңырауына шұғыл түрде келіп жеткен жедел жәрдем фельдшері Ислам Қуандықовты оның күйеуі ұрып тастаған. Соның салдарынан дәрігердің қолы сынып, ол ауруханаға жатқызылған, деп хабарлады paryz.kz, Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Жедел жәрдем қызметкерінің сөзіне сенсек, оқиға 103 номеріне хабарласқан 1984 жылғы әйелдің қоңырауынан басталған. Келіншек ішіне шаншу қадалғанын айтып, мамандарды көмекке шақырған.

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдайды. Олар науқас пен оның күйеуін жедел жәрдем көлігіне отырғызып, ауруханаға жол тартады. Өкініштісі, жолда ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, фельдшер Ислам Қуандықов оларға араша түседі. Жедел жәрдем қызметкерінің бұл әрекетін ұнатпаған ер адам оны соққыға жығып, қолын сындырады.

"Ол маған жұдырық ала жөнелді. Немен ұрғаны есімде жоқ, бірақ ұрып, тепкінің астына алғанын білемін. Сөйтіп қолымды сындырды. Мұны көрген жедел жәрдем жүргізушісі көлікті тоқтатып, оны көліктен шығара бастаған еді, ер адам оны да ұрып-соға бастады. Содан амалсыздан полицейлерді шақырдық. Олар тез арада жетті, бірақ науқастың күйеуі оларға да қол көтерді. Тек көзіне баллон сепкенде ғана ер адам тынышталып, полицейлер оны алып кетті", - дейді фельдшер.

Бүгінде аталған іске қатысты тергеу амалдары басталды. Полиция департаментінің мәліметінше, медицина қызметкерін соққыға жыққан Райымбек ауылының 35 жастағы тұрғыны құрықталған.

Тағы оқи отырыңыз: Алматы облысында жедел жәрдем шақыртқан ер адам дәрігерлерді ұрып-соққан

"Тексеру барысында күдіктінің сол күні ішімдік ішкені белгілі болды. Қарасай ауданының полиция басқармасына оның үстінен арыз жазылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.