Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Происшествия бүгін, 17.07.2024 10:55 Обновлять, 18.07.2024 12:47

Жер учаскесіне таласқан балдызы жездесін пышақтап өлтірген

Ұсталған адам бұрын сотты болған және ол кісі өлтіргенін мойындады...

Жер учаскесіне таласқан балдызы жездесін пышақтап өлтірген
фото: ашық дереккөз

Алматы облысында жер учаскесінің кесірінен кісі өлімі болды, деп хабарлады paryz.kz

Облыстық ПД мәліметіне қарағанда, 6 наурызда Әйтей ауылында зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған.

Фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлігі, 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Ізкесушілер күдіктіні ұстады. Ол 36 жастағы жергілікті тұрғын - марқұмның әйелінің туған бауыры болып шықты. Ұсталған адам бұрын сотты болған және ол кісі өлтіргенін мойындады", - деп атап өтті ПД.

Ол әпкесінің күйеуімен бірге спирттік ішімдік ішкенін, сол кезде арада жер учаскесі үшін жанжал туындағанын айтты. Содан кейін ол көшеде ас үй пышағымен оның жүрек тұсына бір рет соққы бергенін жеткізген.

Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.