Алматылықтарға сағат 16:00-ге дейін қауіпсіз жерде қалу ұсынылды. Бұған 4 наурыз сағат 11:22-де тіркелген жер сілкінісі себеп болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевтың сөзінше, әлі де автершоктар болуы мүмкін.
Автершоктың қуаттылығы қатты болмайды. Сабыр сақтап, халықты жинау бекеттерінде сағат 16:00-ге дейін болуларыңызды сұраймыз. Сейсмикалық жағдайды бақылау комиссиясының қорытындысын хабарлаймыз, - деді Сәрсенбаев.