Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Астанада шенеуніктер ұсталды деген ақпарат тарады: оқиға орнында доллар шашылып жатыр

Астанадағы «Атлант» тұрғын үй кешенінің маңында ерекше оқиға болғаны туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады. Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, белгісіз адамдар терезеден ішіне АҚШ долларына ұқсас банкноттар салынған чемоданды лақтырып жіберген, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада шенеуніктер ұсталды деген ақпарат тарады: оқиға орнында доллар шашылып жатыр
Фото: видиодан скриншот

Оқиға орнында шашылып жатқан ақшаның жанында арнайы форма киген адамдар тұрғаны көрінеді.

Әлеуметтік желіде жоғары лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы да ақпарат тараған.

Атап айтқанда, Central Media News Telegram-арнасы мен 100Baksov Instagram-парақшасында осы оқиғаға қатысты түрлі мәлімет жарияланды.

Алайда жарияланымдарда аталған тұлғалардың ұсталғаны туралы ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.