Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті

Жетісу облысында Алматы – Өскемен тасжолының 143-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды paryz.kz.

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті
Фото: видиодан скриншот

Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы өзімен бір бағытта қозғалып бара жатқан КамАЗ-дың тіркемесіне соғылған Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды.

Шағын автобуста болған тағы он жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Шағын автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтауға және жол жағдайын ескеруге шақырды.