Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Астанада бойжеткеннің денесіне қол жүгірткен ер адам қамауға алынды

Елорда көшелерінің бірінде қыздың денесіне қол жүгірткен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды полиция.

Астанада бойжеткеннің денесіне қол жүгірткен ер адам қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Қыз танымайтын ер адамның ғимаратқа кіреберісте әдепсіз әрекет жасағанын әлеуметтік желіде айтқан болатын. Ер адам қыздың соңынан еріп, оның интимді жерін ұстаған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс жүргізіліп жатыр.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, дейді полиция.