Прямая трансляция

Астана

Астана

20.36°C

Қарағанды облысында өртенген үйден мәйіт табылды

Қарағанды облысында өрт шыққан үйден бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қарағанды облысында өртенген үйден мәйіт табылды
Фото: видиодан скриншот

Өрт 11 тамызда Мойынты кентінде екі қабатты сегіз пәтерлі тұрғын үйден шыққан. Қарағанды облысында 17 адам тұрған екі қабатты үй өртенді - Салдарынан шатырдың ағаш торламасы, терезе мен есіктер, сондай-ақ алты пәтердің ішіндегі үй заттары мен жиһаздары жанған.

Құтқарушылар пәтерлердің бірінен 27 литрлік газ баллонын алып шықты. Өрт кезінде пәтерлердің біріндегі 80 шаршы метр аумақтағы төбенің бір бөлігі опырылып түскен.

Өрт сөндірілгеннен кейін құтқарушылар үйінділердің астынан адам қалдықтарын тапты. Оның кім екенін анықтау үшін сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалды.

Үйде барлығы 17 адам тұрған. Қазіргі уақытта тұрғындар туыстарының үйлеріне орналастырылған.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.