Прямая трансляция

Астана

Астана

25.12°C

Екі адам ажал құшты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды

Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, 7-еуі жарақат алды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Екі адам ажал құшты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды
Фото: sputnik.kz

10 тамызда Астана–Петропавл автожолында Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктері соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz Sprinter көлігінің екі жолаушысы алған жарақатынан көз жұмды. Осы көліктің тағы алты жолаушысы және ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін және белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ жолда барынша мұқият болуға шақырды.