Прямая трансляция

Астана

Астана

27.81°C

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам көз жұмды

Бәйдібек ауданындағы Шаян-Екпінді автожолында болған жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам көз жұмды
Фото: istockphoto

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. Toyota Camry және Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысып, салдарынан 7 адам оқиға орнында көз жұмды.

«Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті. 

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауды, жол және ауа райы жағдайларын ескеріп, жылдамдықты асырмауды сұрайды. Сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде барынша мұқият болуға шақырады.