Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Атырауда жасөспірім қыз құрдасын аяусыз сабаған

Атырауда пәтерлердің бірінде қыз баланы соққыға жыққан жасөспірімдер жауапқа тартылды. Бұл туралы paryz.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атырауда жасөспірім қыз құрдасын аяусыз сабаған
Фото: видиодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған видеода бір қыздың құрдасын аяусыз ұрып жатқаны, ал оқиға орнында болғандардың оны тоқтатудың орнына телефонға түсіргені көрінеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысқандар Атырау қаласындағы кешкі мектеп пен колледжде оқиды. Полицияның мәліметінше, оқиға 13 сәуір күні болған. Іске қатысты төрт күдікті кінәлі деп танылып, жауапкершілікке тартылды. 

“Барлық күдікті полицияның профилактикалық есебіне алынды. 16 жастағы жасөспірімге қатысты жинақталған материал шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолданды”, – деп хабарлады полиция.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.