Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің біреуі қайтыс болды

Өскемен ауруханасында «Қазцинк» зауытындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды.

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің біреуі қайтыс болды
Фото: ТЖМ

Бұл туралы «Қазцинк» компаниясы хабарлады.

«Бүгін түнде Өскемен металлургиялық кешенінде 5 мамырда орын алған жазатайым оқиға салдарынан алған ауыр жарақаттардан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада қайтыс болды. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Компания қаза тапқан азаматтың отбасына және барлық қызметкерімізге қажетті қолдау көрсетуде», – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында салдарды жою жұмыстары мен тиісті органдардың тергеу амалдары жалғасуда.