Прямая трансляция

Астана

Астана

-21.03°C

Щучинскте кафедегі жарылыста қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі

Ақмола облысы Шучинск қаласындағы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасы мен зардап шеккендерге қаржылай көмек беріледі, деп хабарлайды Paryz.kz Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Щучинскте кафедегі жарылыста қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі
Фото: видиодан скриншот

Бурабай ауданының әкімі Арай Садықовтың айтуынша, жағдай дереу бақылауға алынды, жедел штаб құрылды.

"28 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты, олардың ішінде бір кәмелетке толмаған бар. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде. Қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі", - деді аудан әкімі.

Сондай-ақ аудан әкімдігі жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді өз мойнына алды.

Қаралы іс-шараларға қатысу үшін келетін туыстарды орналастыру және алып жүру бойынша көмек көрсетілуде.