Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Рөлде отырып көз жұмған: Алматыда ірі жол апаты болды

Алматыда жүргізуші рөлде көз жұмып, салдарынан ірі жол апаты болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Рөлде отырып көз жұмған: Алматыда ірі жол апаты болды
Фото: pixabay

51 жастағы ер адамның денсаулығы күрт нашарлап, жүрегі тоқтап қалған. Оқиға Әл-Фараби даңғылында сағат 11:30 шамасында болған.

"Салдарынан бес көлік – Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen көліктері мен және Yutong автобусы жол апатына түсті. Алдын ала мәлімет бойынша ер адамның жағдайы күрт нашарлаған. Алдын ала диагноз – жүрек жеткіліксіздігі. Жүргізуші сол жерде қайтыс болды", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.