Атырау қаласының маңында табиғи газдан улану салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды paryz.kz.
«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 28 желтоқсанда сағат 13:40 шамасында Томарлы ауылында орналасқан жеке тұрғын үйде болған. Алдын ала мәлімет бойынша трагедияға табиғи газбен жұмыс істейтін жылыту пешіндегі ақау себеп болған.
Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де жедел қызметтер келгенге дейін көз жұмған.
Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері барды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.