Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда неше күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда неше күн демалатыны белгілі болды
Фото: getty images

"Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2025 жылдың 29 желтоқсаны мен 2026 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады", - делінген хабарламада.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды.

Осы мақсатта "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шара өткізу көзделген.

Балаларға бос уақытында: кітап оқу; музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсияларға бару; спорттық ойындарға қатысу, коньки, шаңғы тебу; қайырымдылық акциялары және басқа да іс-шараларға қатысу ұсынылады. Мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу ұсынылады.