Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Air Astana ұшағынан түтін шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды

Air Astana ұшағынан түтін шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды. Көлік министрлігі ұшақта болған оқиға туралы хабарлады.

Air Astana ұшағынан түтін шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды
Фото: istockphoto

"17 желтоқсанда сағат 07:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында "Эйр Астана" пайдалануындағы Airbus A321N EI-KDG әуе кемесімен авиациялық оқиға орын алды.

"Қазаэронавигация" РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болып, экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялады", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ сағат 07:40-та қонды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әуежайының өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.