Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада көтергіштің сым арқаны үзіліп, жұмысшы қаза тапты

Астанада тұрғын үйдің сыртын жөндеу жұмыстары кезінде көтергіштің сым арқаны үзіліп, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада көтергіштің сым арқаны үзіліп, жұмысшы қаза тапты
Фото: pixabay

Қайғылы оқиға тұрғын үйдің сыртын жөндеу жұмыстары кезінде болған. Полиция құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«14 желтоқсанда құрылыс нысанында қасбетті жөндеу жұмыстары кезінде ілулі тұрған көтергіштің сым арқаны үзіліп кеткен. Көтергіштің ішінде болған 41 жастағы ер адам құлап, алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.