Қызылорда облысында Шиелі ауданының екі тұрғыны көршілерінен ұрып-соғып, қорқытып, ақша талап еткен. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады paryz.kz.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Олар көршілерінен 10 мың доллар бопсалады деген күдікке ілінді.
«Азаматтардың назарын аударамыз: күш көрсету немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы ақша талап ету – қылмыстық жауаптылық көзделген заңбұзушылық. Тараптар арасындағы жеке қарым-қатынастарға қарамастан, мұндай әрекеттер қылмыс ретінде бағаланады», – деп мәлімдеді ІІМ.