Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция нәрестенің анасын іздестіріп жатыр, деп Түркістан облысы полиция департаменті.
Ведомство ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
"Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және куәгерлермен сұқбат жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексерілуде", - делінген полиция хабарламасында.
Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.