Прямой эфир
Астана
25.77°C
Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 4 адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 5 желтоқсан күні Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы автожолының 80-шақырымында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған», – делінген облыстық ПД хабарламасында.