Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 08.12.2025 10:56 Обновлять, 08.12.2025 14:35

Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус аударылып, бес адам қаза тапты

Ақтөбе облысындағы тасжолда салонында Өзбекстанның 49 азаматы болған автобус аударылып, салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған

Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус аударылып, бес адам қаза тапты
Фото: Ақмола облысы ПД

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 7 желтоқсанда таңғы 8:40 шамасында "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар автожолдың 1024-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған автобус жүргізушісі Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылып қалған.

Автобус салонында Пермь-Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Жол апаты салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмған, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.