Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада Cinema City ғимараты өртке оранды

Астанада Амангелді Иманов көшесіндегі жұмыс істемейтін үш қабатты ғимараттан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада Cinema City ғимараты өртке оранды
фото: видеодан скриншот

Ведомствоның мәліметінше, жалын сондай-ақ ғимаратқа жапсарлас салынған жұмыс істемейтін кафе аумағына және ғимараттың сыртқы қаптамасына тараған. Оқиға салдарынан жақын маңда тұрған жүк көлігі де зақымданған.

«Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 қызметіне түскен жоқ», – делінген хабарламада. Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрады.