Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 01.12.2025 17:28 Обновлять, 02.12.2025 11:38

Алматы облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды

Алматы-Бішкек тас жолының 129-шы шақырымында болған жантүршігерлік апат жеті адамның өмірін қиды, деп хабарлады paryz.kz Алматы облыстық полиция департаменті.

Алматы облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
Фото: istockphoto.com

"Алдын ала мәлімет бойынша Honda Odissei жүргізушісі алдында келе жатқан Howo жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Апат салдарынан көліктегі жеті адамның барлығы, соның ішінде жүргізуші де алған жарақатынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.