Прямой эфир
Астана
25.77°C
Астанада 16 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Alash.kz ұлттық порталының мәліметінше, Астанада 2008 жылы туған Нәлтай Асылжан Дарханұлы есімді жасөспірімге қатысты іздестіру жұмыстары басталды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 26 қараша күні шамамен 16:15-те жасөспірім Әл-Фараби көшесі, 18-үйден шығып кеткен.
Содан бері оның қайда екені белгісіз. Сырт келбеті: бойы 160–165 см, дене бітімі орташа, шашы қара. Үстіндегі киімі: қара куртка, көк толстовка, қара бас киім, қара шалбар, қара кроссовка, көк рюкзак. (Киімі – оң жақтағы фотодағымен сәйкес.)
Құқық қорғау органдары Асылжанның орналасқан жеріне қатысты кез келген мәліметті дереу хабарлауды сұрайды.
Байланыс нөмірлері: +7 747 917 54 17
+7 771 233 44 40 немесе полицияның 9102 жедел нөмірі.