Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 26.11.2025 09:12 Обновлять, 26.11.2025 15:52

«Арқаныңды кесіп тастаймын»: Астана тұрғыны альпинистің жұмысына кедергі келтірді

Әлеуметтік желілерде өнеркәсіптік альпинист жариялаған видео тарады. Ол Астанадағы жасыл бульвар тұрғын үй кешенінің тұрғынымен болған кикілжің туралы мәлім етті, деп жазады paryz.kz Azattyq Ryhy-на сілтеме жасап.

«Арқаныңды кесіп тастаймын»: Астана тұрғыны альпинистің жұмысына кедергі келтірді
фото: видеодан скриншот

Бейнежазбада қала тұрғыны альпинист жұмыс істеп тұрған арқанды «кесіп жіберемін» деп қорқытқан. Бұған альпинист

«Қолыңнан келсе, кес. Мен жұмыс істеп жатырмын» деп жауап береді.

Алайда осындай қауіптен кейін маман жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған, себебі жағдайды қауіпті деп есептеген.

Қазір желі қолданушылары бұл жанжалдың не себепті туындағанын және осындай жағдайда жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдануы керектігін талқылап жатыр. Басым бөлігі альпинистің жұмысына кедергі келтірген тұрғынды айыптаған.