Прямой эфир
Астана
25.77°C
Маңғыстау облысының Бейнеу ауылындағы жол апаты бейнебақылау камерасына түсіріп қалды – патрульдік көлік пен жеңіл көлік соқтығысқан, деп хабарлайды Lada.kz.
Жол апаты 25 қарашада болды. Бейнежазбадан Toyota Camry қатты жылдамдықпен патрульдік көлікке соғылғанын көруге болады.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлікті 17 жастағы бала жүргізген. Оның ата-анасы кәмелетке толмаған баланың көлік жүргізуіне жол бергені және дұрыс тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Апатқа байланысты ресми тергеу басталды.