Прямой эфир
Астана
25.77°C
Түркістан облысының Жетісай ауданында болған өрттен кейін "өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Еске сала кетейік, жеке үйде болған өрттің салдарынан 12 адам қаза тапты, оның ішінде 9 бала бар. Өртті барлау және сөндіру кезінде үйден ес-түссіз жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.