Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 17.11.2025 18:29 Обновлять, 18.11.2025 11:05

Жетісайда жеке үй өртеніп, 12 адам көз жұмды

Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға салдарынан 12 адам көз жұмды, оның 9-ы бала, деп хабарлайды paryz.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісайда жеке үй өртеніп, 12 адам көз жұмды
Фото: Pixabay

Бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД "101" пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің толықтай өртке оранғаны анықталды.

"Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды", - делінген хабарламада.

Көршілердің айтуынша алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.