Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 15.11.2025 09:14 Обновлять, 15.11.2025 23:46

Қарағандыда такси жүргізуші баланың жалғыз отырғанын жарты жолға келгенде бір-ақ білген

Қарағандыда такси жүргізуші көлік салонында баланың жалғыз отырғанын жарты жолға келгенде бір-ақ білген, деп хабарлайды paryz.kz.

Қарағандыда такси жүргізуші баланың жалғыз отырғанын жарты жолға келгенде бір-ақ білген
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше 6 қарашада сағат 16:48-де Жедел басқару орталығына Қарағанды тұрғыны арызданып, такси жүргізуші баласын алып кеткенін хабарлаған.

«Әйел қызын таксиге отырғызғанын, ал көліктің екінші жағынан отыру үшін бара жатқанда жүргізуші көлікті айдап кеткенін айтты», - деп жазылған хабарламада. 

Полиция бұл жағдайға қатысты дереу шара қолданды. Көлік иесі анықталды, ол такси жүргізушімен байланысқа шыққан. Такси жүргізуші қоңыраудан кейін ғана артқы орындықта бала жалғыз отырғанын байқаған. Ол дереу артқа қайтып, қызды анасына тапсырды.

Жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны және кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.