Прямой эфир
Астана
25.77°C
Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде оқушыны қатарласы ұрып өлтірді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қайғылы оқиға 3 қарашада болған. Марқұм жасөспірім 9-сыныпта оқыған.
"Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы барлық қажетті іс-шаралар кешенін жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде көз жұмған", - дейді облыстық полиция департаменті.
Полиция күдіктіні, сондай-ақ төбелеске қатысқандардың барлығын ізін суытпай ұстады.
"Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді", - дейді полиция. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.