Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшу аппараты жарылды

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді.

Батыс Қазақстан облысы аумағында ұшқышсыз ұшу аппараты жарылды
фото: mgorod.kz

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ.

"Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдады.

Сондай-ақ бұл аппараттар тиесілі болуы мүмкін шетелдік серіктестермен консультациялар жүргізіліп жатыр.