Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматы облысында жол апатынан 8 адам ажал құшты

Алматы облысында болған жол апаты сегіз адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы облысында жол апатынан 8 адам ажал құшты
фото: видеодан скриншот

Қайғылы оқиға Алматы – Бішкек тас жолының 107-шақырымында болды.

Алдын ала деректер бойынша, Lexus көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard-пен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты, тағы екі адам ауруханаға жеткізілд», – деп хабарлады полиция.

Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын, оның барысында апаттың барлық мән-жайы анықталатынын айтты. Құқық қорғаушылар жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға және жолда аса мұқият болуға шақырды.